Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Жүлде қорын 10 миллионға жеткіземіз» — IBA президенті сенсациялық шешім жариялады

Сарапшы, спорт журналисі
02.12.2025, 23:28

Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) президенті Умар Кремлев 2027 жылы өтетін әлем чемпионатына арналған рекордтық жүлде қорын жариялады. 

matchtv.ru
Реклама
Реклама

Дубайдағы ӘЧ және қазіргі жүлде қоры

2–13 желтоқсан аралығында Дубайда (БАӘ) ерлер арасындағы IBA әлем чемпионаты өтіп жатыр. Турнир аясында ұйым тарихындағы ең қомақты жүлде қорының бірі тігілген.

Умар Кремлев қазіргі жүйе мен қаржылық модельді былай түсіндірді:

«IBA — бұл біздің халықаралық бокс үйіміз. Біз ең алдымен бапкерлер мен спортшыларға барынша қолайлы жағдай жасауға тырысамыз. Біз үшін ең басты адамдар – солар. Сондықтан жүлдеақыны да дауға орын қалмайтындай етіп бөлдік: 25 пайызын бапкер алады, 25 пайызы ұлттық федерацияға, 50 пайызы спортшының өзіне беріледі», – деді ол.

Қазіргі әлем чемпионатында жүлде қоры 8 миллион доллардан асады.

  • Әлем чемпионы атанған боксшыға – 300 мың доллар;
  • Күміс жүлдегерге – 150 мың доллар;
  • Қола жүлдегерге – 75 мың доллар;
  • Төртінші және бесінші орын алғандарға – 10 мың доллардан төленеді.

2027 жылғы әлем чемпионаты: 10 миллион долларлық рекорд

Кремлевтің мәлімдеуінше, IBA 2027 жылы өтетін әлем чемпионатының жүлде қорын бұрын-соңды болмаған деңгейге көтеруді жоспарлап отыр:

«2027 жылғы әлем чемпионатында жүлде қорын 10 миллион долларға дейін өсіреміз. Келесі жылы құрлықтық турнирлерде де әрқайсысына 2 миллион доллардан приз қойылады. Біздің міндет – спортшылар мен бапкерлердің еңбегі барынша жоғары бағалануы. Олар өз сүйікті ісімен айналысып қана қоймай, өздерін және отбасын толық қамтамасыз ете алатындай жағдайға жетуі керек», – деді IBA президенті.

Осылайша ұйым кәсіби деңгейдегі әуесқой боксқа қаржылық тартымдылықты күшейтіп, боксшы мен бапкердің еңбегін тікелей ақы арқылы қолдауды көздеп отыр.

Қазақстан құрамасы да қатысып жатыр

IBA өткізетін 2025 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы да бақ сынап жатыр. Жерлестеріміз жүлделі орындарға таласып, қомақты жүлде қорынан өз үлесін алуға мүмкіндігі бар.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары