Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Жәнібек Әлімханұлының алдағы жекпе-жегі оның допинг-сынамасындағы оң нәтижеге байланысты тоқтатылғанын растады.
Оның айтуынша, спортшының сынамасынан тыйым салынған легендрон препараты анықталған, сол себепті жекпе-жек бірден тоқтатылған.
Вице-министрдің сөзінше, бұл жаңалық боксшының өзі үшін де, жалпы қазақстандық спорт үшін де ауыр соққы болған.
«Өкінішке қарай, бүгін Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі тоқтатылғаны туралы жаңалық бар. Оның сынамасынан тыйым салынған легендрон препараты табылды. Қазір Жәнібек пен оның командасы бізбен байланыста», — деді Серік Жарасбаев.
Ол мұндай оқиғалардың әрқашан спорттың беделіне әсер ететінін атап өтті.
«Осындай жағымсыз жайттар бокс пен жалпы спорттың имиджіне әсер етпей қоймайды. Бірақ мен бұған дейін айтқанымдай, біз Жәнібек Әлімханұлының командасына сенеміз және препараттың ағзаға қалай түскенін түсіндіруге мүмкіндік болатынына үміттіміз», — деп қосты Министрлік өкілі.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, Жәнібек командасы түсініктеме дайындап жатыр және толық қарау процедурасын өткізуге, спортшының кінәсіздігін дәлелдеуге немесе тыйым салынған заттың ағзаға қай жолмен түскенін анықтауға ниетті.
Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлының VADA тестінен кейін тыйым салынған препарат бойынша adverse analytical finding — қолайсыз талдау нәтижесі анықталғаны хабарланған болатын.