Реклама
Реклама

ӘЧ-2025: Қазақстан атынан алғашқы болып кім рингке шығады?

Сарапшы, спорт журналисі
04.12.2025, 08:28

Байрақты бәсеке Біріккен Араб Әмірліктерінде өтіп жатыр. 

asp.media

4 желтоқсанда Дубайда IBA нұсқасы бойынша бокстан 2025 жылғы әлем чемпионаты басталады. Қазақстан құрамасынан алғашқы болып Нурмагомед Юсупов жекпе-жек өткізеді. Ол 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынайды.

Юсуповтың қарсыласы — Тәжікстан өкілі Навруз Джафоев.

Жекпе-жек кешкі сессияда, шамамен Астана уақытымен 00:30-да өтеді.

Турнир туралы

IBA әлем чемпионаты – 2025

  • Өтетін жері: Дубай, Біріккен Араб Әмірліктері
  • Басталуы: 4 желтоқсан
  • Чемпионатқа әлемнің 100-ден астам елінен спортшы қатысады.

Айта кетейік, жуырда қазақстандық былғары қолғап шеберлері алғашқы қарсыластарын білген еді. Жалпы, ұлттық құрама боксшылары аталған додада 13 салмақ дәрежесінде бақ сынайды.

Реклама
Реклама