Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

IBA ӘЧ-2025: Қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды

Сарапшы, спорт журналисі

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырып жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатында шаршы алаңға шығатын қазақстандық былғары қолғап шеберлері алғашқы қарсыластарын білді. Дубайда өтіп жатқан дүбірлі додада ұлттық құрама 13 салмақ дәрежесінде бақ сынайды.

IBA ӘЧ-2025: Қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды
Instagram/@boxingkazakhstan

Қазақстандық боксшылардың жеребесі: кім кіммен жұдырықтасады?

  • 48 кг Теміртас Жүсіпов — Гаурав Соланки (Үндістан) немесе Али Нгвандо (Танзания)
  • 51 кг Даниял Сабит — Келвин Майна (Кения) 
  • 54 кг Сәкен Бибосынов — Катего Кеорапетсе (Ботсвана)
  • 57 кг Оразбек Асылқұлов — Джозеф (Синт-Мартен) немесе Санчес да Силва (Кабо-Верде)
  • 60 кг Серік Теміржанов — Эрдэнэбатын Цэндбаатар (Моңғолия)
  • 63,5 кг Ертуған Зейнулинов — Даваадал Алтангэрэл (Моңғолия) немесе Митч Ледерман (Австралия)
  • 67 кг Санатәлі Төлтаев — Джеральд Кабинда (Замбия)
  • 71 кг Абылайхан Жүсіпов — Альфино Саезар (Индонезия) немесе Арарат Арутюнян (Армения)
  • 75 кг Сабыржан Аққалыков — Касилилика (Танзания) немесе Кузен (Сейшел аралдары)
  • 81 кг Ерасыл Жақпеков — Эбенезер Зунграна (Буркина-Фасо)
  • 86 кг Дәулет Төлемісов — Рамон Батагелло Соуса (Бразилия)
  • 92 кг Нұрмагомед Юсупов — Навруз Чавоев (Тәжікстан)
  • 92+ кг Нұрлан Сапарбай — Исмаиливандаеж (Иран) немесе Раамезанпурделвар (IBA Pro)

Қарсыластардың бірқатары әлі де алдын ала айқастар нәтижесіне қарай анықталады. Сондықтан кей салмақтарда «екі ықтимал боксшы» көрсетілген.

Дубайдағы әлем чемпионаты: рекордтық жүлде қоры

Дубайда өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионаты 13 салмақ дәрежесін қамтиды және турнир 13 желтоқсанға дейін жалғасады.

IBA бұл додаға ерекше мән беріп, жүлде қорын 8,32 миллион доллар көлемінде белгілеген:

  • әлем чемпиондары — 300 000 доллардан;
  • күміс жүлдегерлер — 150 000 доллардан;
  • қола жүлде иегерлері — 75 000 доллардан;
  • 5-орын алған боксшылар — 10 000 доллардан алады.

Осындай ауқымды қаржылай сыйақы бұл біріншілікті тек рейтинг үшін емес, мансаптық әрі материалдық тұрғыда да аса маңызды турнирге айналдырып отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір