Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Үш нокдаунға созылған нокаут: Әлімханұлының салмағында WBA белбеуі сарапқа салынды

Сарапшы, спорт журналисі

Орта салмақта (middleweight) Жәнібек Әлімханұлы жұдырықтасатын салмақта өткен титулды жекпе-жекте польшалық боксшы Кароль Вельтер (20–1, 8 КО) неміс Мисто Абдулаевты (11–2, 10 КО) техникалық нокаутпен жеңіп, WBA Baltic чемпиондық белбеуін иеленді.

Үш нокдаунға созылған нокаут: Әлімханұлының салмағында WBA белбеуі сарапқа салынды
instagram/@bks_skorpion_legnica

Вроцлавтағы бокс кеші: польшалықтың толық үстемдігі

Польшаның Вроцлав қаласында өткен бокс кешінде 30 жастағы Кароль Вельтер рингте қарсыласынан айқын мықты екенін көрсетті.

Жекпе-жек барысында ол 35 жастағы Мисто Абдулаевты үш рет нокдаунға жіберді. Төреші төртінші раундта айқасты тоқтатты. Нәтижесінде Вельтерге техникалық нокаут (ТКО) арқылы жеңіс жазылып, жаңа чемпиондық белбеу табысталды.

Осылайша польшалық боксшы өз рекордын 20 жеңіске (8 нокаут) жеткізсе, Абдулаевтың жеңілістер саны екінші рет толықты.

Қазақстандық чемпионның фонында өткен айқас

Аталған белбеу әлемдік белбеу емес, аймақтық атақ болғанымен ол орта салмақтағы бәсекенің қаншалықты қарқынды екенін тағы бір мәрте көрсетті. Дәл осы салмақта жеңіліс көрмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17–0, 12 КО) өнер көрсетеді. Ол қазір WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы, IBF нұсқасы бойынша да әлем чемпионы атақтарын біріктірген.

Орта салмақта жаңа чемпиондық аймақтық белбеулердің пайда болуы, жаңа есімдердің шығуы – болашақта Әлімханұлы үшін потенциалды қарсыластар шеңберін де кеңейтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір