Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Теміртас Жүсіпов

Темиртас Жусупов орысшаTemirtas Zhussupov латынша

Теміртас Жүсіпов — қазақстандық әуесқой боксшы, 2021 жылғы әлем чемпионы (48 кг дейін, Белград). 2013 жылы Азия чемпионы атанып, 2025 жылғы әлем чемпионатында қола медаль алды. 2015 жылы «Astana Arlans» құрамында Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) чемпионы болды.

Спорт түрі
Бокс
Туған күні
15.01.1988
Туған жері
Ақмола облысы, Тассуат
Әлем чемпионаты
Чемпион, 2021 (Белград); қола жүлде, 2025 (Дубай)
Азия чемпионаты
Чемпион, 2013 (Амман); қола жүлде, 2019 (Бангкок)
WSB
Бүкіләлемдік бокс сериясының чемпионы, 2015 («Astana Arlans»)
Салмақ дәрежесі
48 кг дейін

Анықтама Уикипедия бойынша: Temirtas Zhussupov, Теміртас Берікұлы Жүсіпов, Жусупов, Темиртас Берикович

Жекпе-жек

Әлем чемпионы атанған қазақ боксшылары жүлдеақысын алды

Қазақстандық боксшылар 2025 жылдың желтоқсанында өткен IBA әлем чемпионатындағы нәтижелері үшін тағайындалған ақшалай сыйақыны сегіз айдан кейін алды.

Ойыннан тыс

Теміртас Жүсіпов пен жұбайы отбасылық жанжалға қатысты мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов пен оның жұбайы Айжан әлеуметтік желіде тараған отбасылық жанжалға байланысты бірлескен үндеу жариялады.

Ойыннан тыс

Қазақстандық бокс ардагері әйелін ұрды деген күдікке ілінді

Әлем чемпионы Теміртас Жүсіповке қатысты отбасылық жанжал бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жекпе-жек

Абылайхан Жүсіпов әлем кубогына дайындығын көрсетті

Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов әлеуметтік желідегі парақшасында ұлттық құраманың алдағы World Boxing кубогына дайындығынан үзінді жариялады.

Жекпе-жек

Теміртас Жүсіпов финалдан тыс қалды (ВИДЕО)

Қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған 2025 жылғы әлем чемпионатының финалына өте алмады. 

Жекпе-жек

IBA ӘЧ: Қазақстан алғашқы медаль жеңіп алды (ВИДЕО)

Қазақстан құрамасының тәжірибелі былғары қолғап шебері Теміртас Жүсіпов Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан IBA нұсқасы бойынша 2025 жылғы әлем чемпионатында жартылай финалға шықты. 

Жекпе-жек

IBA ӘЧ: Қазақстандық ардагер ширек финалға шықты

Дубайда өтіп жатқан IBA нұсқасы бойынша бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатында Теміртас Жүсіпов тағы бір сенімді жеңісіне жетті. Ол 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үндістандық Девендра Сингх Соланкиден басым түсті. 

Жекпе-жек

Сенсациялар мен ірі жеңістер. ҚР чемпионатындағы медаль үшін жекпе-жектер қалай өтті

Семейде бокстан Қазақстан чемпионаты қыза түсті. Төртінші жарыс күні ширек финалдық кездесулермен есте қалды. 

Жекпе-жек

Қазақстан боксының аңызы сенсацияны болдыртпады

Қазақстан боксының атақты өкілі Теміртас Жүсіпов ел чемпионатының 1/8 финалдық кезеңінде жеңіске жетіп, жарысты сенімді түрде жалғастырды. Біріншілік Семей қаласында өтіп жатыр.

Жекпе-жек

Әлем чемпионы қарсыласын толық басымдықпен жеңді

Семейдегі Қазақстан чемпионатында атақты боксшы Теміртас Жүсіпов рингке көтерілді. Акмола облысының намысын қорғаған әлем чемпионы алғашқы жекпе-жегін сенімді жеңіспен бастады.

Жекпе-жек

Әлем және Азия чемпионының жартылай финалы ірі сенсациямен аяқталды

Хабаровск қаласында өтіп жатқан Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық турнирдің жартылай финалында Қазақстанның тәжірибелі боксшысы, әлем және Азия чемпионы Теміртас Жүсіпов жекпе-жегін күтпеген нәтижемен аяқтады.

Жекпе-жек

Әлем және Азия чемпионы Теміртас Жүсіпов қарсыласын ойсырата жеңді

Қазақстан ұлттық құрамасының тәжірибелі боксшысы, әлем және Азия чемпионы Теміртас Жүсіпов Хабаровск қаласында өтіп жатқан Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық турнирде алғашқы жекпе-жегін сенімді жеңіспен бастады.

Жекпе-жек

Әлем чемпионы күтпеген жеңіліске ұшырады

Қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов Болгарияның София қаласында өтіп жатқан "Странджа кубогы – 2025" жарысының жартылай финалында жеңіліс тапты.