
Семейде бокстан Қазақстан чемпионаты қыза түсті. Төртінші жарыс күні ширек финалдық кездесулермен есте қалды.
50 келі салмақ дәрежесінде сенсация тіркелді. Тәжірибелі Теміртас Жүсіпов төрешілер шешімімен Нұрсұлтан Нүриденовке (2:3) жол берді. Ал осы салмақтағы тағы бір кездесуде Даниял Сәбит қарсыласы Ернар Қарапты толық басымдықпен ұтты.
55 келіде Олимпиада жүлдегері Сәкен Бибосынов Нұрислам Бекеннен айқын басым түсті. 60 келіде Серік Теміржанов ауыр жекпе-жекте Руслан Күзеубаевты (3:2) жеңсе, Бибарыс Жексен Асылжан Серікбайдан (4:1) басым түсті.
65 келіде Ертуған Зейнуллинов Дильшат Нұрымды (5:0) толық жеңлі, ал Санатәлі Төлтаев Бекзат Мағжанды (5:0) тізе бүктірді. 70 келіде тәжірибелі Абылайхан Жүсіпов Ағажан Қадырды (5:0) сенімді ұтты. Фарух Тоқтасынов Елнұр Сүйінбайды (4:1) артта қалдырды, ал Мұхамедсабыр Базарбайұлы Нұржан Амангелдіні (4:1) жеңді.
75 келіде Сабыржан Аққалықов Мақсат Өтегеновтен (5:0) айқын басым түсті, ал Талғат Шайкен Нұрсұлтан Шілдебайды (5:0) еш мүмкіндіксіз қалдырды. 80 келіде Азамат Бектас Михаил Коханчикті (5:0) жеңсе, Нұрқанат Райыс бірінші раундта Санжарәлі Бегалиевтің нокаутынан көз ашпады. Диас Молжігітов Ислам Битаевты (5:0) тас-талқан етті.
85 келіде Әбілхан Аманқұл Сұлтанбек Айбарұлын (3:2) төрешілер шешімімен жеңсе, 90 келіде Сағындық Тоғамбай Нұржан Думаннан (5:0) басым болды. Сол салмақта Данияр Рахымбердинов Нұржан Мәуенді екінші раундта нокаутқа жіберді.
90+ келіде Даниял Сапарбай Салауат Тілектайды (5:0) ұтса, тағы екі жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды: Нұрлан Сапарбай Рамзан Саитовты үшінші раундта тоқтатты, ал Нұрасыл Асылхан соңғы минутта Мейірбек Мұхтаровты нокаутқа жіберді.
48 келіде Әнел Құдайберген Гүлназ Бөрібаеваны (5:0) сенімді жеңді, ал Еләнұр Тұрғанова Әнел Әбдірасылованы (5:0) тас-талқан етті. 51 келіде Жазира Орақбаева Мөлдір Тойқованы (5:0) айқын басымдықпен ұтты.
80 келіде күтпеген нәтиже тіркелді. Фаворит Гүлсая Ержан Жібек Жарасқызынан (2:3) жеңіліп қалды. Сонымен қатар Надежда Рябец Диана Мағауияеваны (5:0) ұтып, финалға жақындады. Ал Шұғыла Нәлібай Анастасия Рылинадан (0:4) жеңілді.
80+ келіде тағы бір сенсация болды. Көпшілік күткен Ләззат Күнгейбаева Валерия Аксеновадан (0:5) жеңіліс тапты.