Қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған 2025 жылғы әлем чемпионатының финалына өте алмады.
48 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға шыққан Теміртас Жүсіпов Ресей құрамасының өкілі, осы салмақтың бірінші нөмірлі боксшысы саналатын Эдмонд Худоянмен қолғап түйістірді.
Кездесу біткен соң төрешілер ортақ шешімге келіп, жеңісті ресейлік боксшыға берді — 0:5. Осылайша Эдмонд Худоян әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Теміртас Жүсіпов 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Теміртас Жүсіпов:
Эдмонд Худоян: