Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан IBA нұсқасы бойынша бокстан әлем чемпионатында жартылай финалда сенімді жеңіске жетті.
54 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңға көтерілген Бибосыновтың қарсыласы Непал боксшысы Тапа Чандра Бахадур болды. Токио-2020 Олимпиадасының қола жүлдегері саналатын қазақстандық боксшы жекпе-жекті бірінші раундтан бастап толық бақылауда ұстап, қарсыласына ешқандай басымдық бермеді.
Төрешілер шешімі де соны дәлелдеді. Барлық бес қазы жекпе-жекті 5:0 есебімен Бибосыновтың пайдасына бағалады.
Осы жеңістің арқасында Сәкен Бибосынов әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Шешуші жекпе-жекте ол Ресей боксшысы Вячеслав Рогозинмен қолғап түйістіреді.
Сәкеннің халықаралық аренадағы жетістіктері:
Енді ол өзінің рекордтарына тағы бір әлем чемпионы атағын қосуды көздеп отыр.