Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Әлем және Азия чемпионы Теміртас Жүсіпов қарсыласын ойсырата жеңді

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан ұлттық құрамасының тәжірибелі боксшысы, әлем және Азия чемпионы Теміртас Жүсіпов Хабаровск қаласында өтіп жатқан Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық турнирде алғашқы жекпе-жегін сенімді жеңіспен бастады.

Әлем және Азия чемпионы Теміртас Жүсіпов қарсыласын ойсырата жеңді
egemen.kz

Бірінші айналымда 37 жастағы Жүсіпов ресейлік Михаил Прокопьевке қарсы шықты. Үш раундқа созылған кездесуде қазақстандық спортшы қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмай, төрешілердің бірауыздан шешімімен (3:0) жеңіске жетті.

Теміртас жекпе-жек барысында шеберлігін, рингтегі артықшылығын және бай тәжірибесін айқын көрсетті. Прокопьевтің қарсы шабуылдарына төтеп беріп қана қоймай, жиі-жиі дәл соққылар жасап, толық үстемдік орнатты.

Жүсіпов – Қазақстан құрамасындағы ең тәжірибелі және титулды спортшылардың бірі. Ол:

  • 2021 жылғы Әлем чемпионатының алтыны
  • Азия чемпионатының екі алтын медалі
  • Әскерилер арасындағы Әлем чемпионы
  • Қазақстан чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір