ӘЧ-2025: Бүгін шаршы алаңға кімдер шығады?
05.12.2025, 15:51
Осы күндері Дубайда бокстан әлем біріншілігі өтіп жатыр.
sports24.kz
5 желтоқсанда Дубайда өтіп жатқан IBA ерлер арасындағы әлем чемпионатының екінші күні Қазақстан құрамасының үш бірдей боксшысы шаршы алаңға шығады.
67 кг — Санатәлі Төлтаев
- Қарсылас: Замбия боксшысы Жеральд Кабинда.
80 кг — Ерасыл Жақпеков
- Қарсылас: Буркина-Фасодан келген Зунграна Эбензер.
86 кг — Дәулет Төлемісов
- Қарсылас: Бразилия өкілі Рамон Ботагелло Соуза.
Қайдан көруге болады?
Барлық жекпе-жек IBA-ның ресми YouTube-арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.
Жарыстың бірінші күнін Қазақстан құрамасы керемет бастады. 92 кг салмақта Нурмагомед Юсупов тәжікстандық Навруз Джафоевпен кездесіп, жекпе-жекті алғашқы раундта-ақ нокаутпен аяқтады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама