Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақстан әлем чемпионатын нокаутпен бастады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан Дубайда (БАӘ) Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған 2025 жылғы әлем чемпионатында сәтті бастады. Рингке бірінші болып көтерілген Нурмагамед Юсупов қарсыласын алғашқы раундта-ақ нокаутқа жіберді.

Қазақстан әлем чемпионатын нокаутпен бастады (ВИДЕО)
видеодан скриншот

Бірінші раундта аяқталған айқас

92 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/16 финалда Нурмагамед Юсупов Тәжікстан боксшысы Навруз Джафоевпен күш сынасты.

Қазақстандық былғары қолғап шебері жекпе-жекті қарқынды бастап, қысқа қашықтықтағы шабуылдарын дәл соққымен аяқтады. Бірінші раундтың өзінде Юсупов қарсыласын нокдаунға жіберіп, осы соққы бәрін шешті. Рефери жекпе-жекті тоқтатты.

Осылайша Нурмагамед Юсупов келесі кезеңге өтті. 

Қазақстан толық құрамда – 13 салмақтың бәрінде бармыз

ӘЧ-2025 турнирінде Қазақстан құрамасы өте ауқымды құраммен өнер көрсетуде. Біздің боксшылар барлық 13 салмақ дәрежесінде сынға түседі.

Дубайдағы әлем чемпионаты тек спорттық маңызы жағынан емес, қаржылай сыйақысы тұрғысынан да рекордтық деп аталып отыр.

Жарыстың жалпы жүлде қоры – 8,32 миллион доллар. Оған сәйкес әлем чемпиондары – әрқайсысы 300 000 доллар алады. Күміс жүлдегерлер – 150 000 доллардан, ал қола жүлдегерлер – 75 000 долларға қол жеткізеді. Ширек финалға дейін жеткен боксшылар – 10 000 доллардан иеленеді. Турнир 13 желтоқсанға дейін жалғасады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір