Қазақстандық атақты боксшы Ерасыл Жақпеков Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) аясындағы әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін ерте аяқтап, нокаутпен жеңіске жетті.
80 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан Жақпеков 1/16 финалда Буркина-Фасо боксшысы Эбенезер Тене Гесвенде Зугранамен қолғап түйістірді.
Жекпе-жек бірінші раундтан әрі аспады. Қазақстандық боксшы қарсыласын үш рет нокдаунға жіберді. Рефери үшінші нокдауннан кейін жекпе-жекті тоқтатты. Нәтижесінде Ерасыл Жақпековке ерте жеңіс – нокаут тіркелді.
Осылайша қазақ боксшысы турнирді сенімді жеңіспен бастап, келесі кезеңге жолдама алды, ал Зуграна әлем чемпионатындағы жорығын дәл осы сатыда аяқтады.
Ерасыл Жақпеков – жас болса да, жүлдесіз жүрмеген боксшы:
IBА мойындаған әлем чемпионатындағы алғашқы айқастағы мұндай басымдық оның осы салмақтағы басты фавориттердің бірі екенін көрсетті.