Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Өзбекстандық UFC файтері әйгілі видеойын образында шықты

Сарапшы, спорт журналисі
05.12.2025, 19:52

Лас-Вегаста өтетін UFC 323 турнирінің алдындағы баспасөз мәслихаты күтпеген шоуға айналды. Өзбекстандық ММА жауынгері Богдан Гуськов журналистер мен жанкүйерлердің алдына Hitman (Агент 47) образында шықты.

x.com
Реклама
Реклама

Гуськов пен Блахович жекпе-жек алдында көз түйістірді

UFC 323 турнирі қарсаңындағы ресми баспасөз конференцияға негізгі кардтағы барлық жекпе-жекке қатысатын спортшы жиналды.

Жартылай ауыр салмақтағы (93 кг дейін) жекпе-жекте:

Богдан Гуськов пен бұл салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы Ян Блахович екі жақты мықты реванш емес, бірақ рейтингтік маңызы жоғары айқас өткізбек.

Турнир алдында жаңартылған рейтингте Блахович – дивизиондағы 5-орында, ал Гуськов 11-сатыда тұр. Осылайша бұл жекпе-жек өзбекстандық файтер үшін ТОП-5-ке жол ашатын шешуші сынақ болмақ.

Hitman стилі: қызыл галстук, қара пальто және агент 47-нің харизмасы

Баспасөз мәслихатындағы басты назар, сөзсіз Богдан Гуськовтың кіріуі кезінде ауды. Ол классикалық қара пальто, қызыл галстук, былғары қолғап, таз бас стилінде сахнаға шығып, әлемге әйгілі Hitman видеоойындар сериясындағы Агент 47 образын толық қайталады.

Гуськовтың айтуынша, бұл жай ғана стиль немесе шоуханалық қадам емес, жанкүйерлерге арналған сыйлық:

«Бүгін мен Хитмен костюмін киіп келдім, себебі бұл пресс-конференциялар – жанкүйерлер үшін. Оларға қызық болсын, атмосфера ерекше болсын деген ой», – деп түсіндірді өз перформансын Богдан Гуськов.

Стердаун: құрмет, көзқарас дуэлі және артық эмоциясыз өткен кездесу

Пресс-конференция аяқталған соң дәстүрлі стреддаун – қарсыластардың көз түйістіріп, фото және видеоға түсетін сәті өтті.

Ян Блахович пен Богдан Гуськов бір-бірінің көзіне тік қарады. Ешқандай итеріс, жанжал немесе артық эмоция тіркелген жоқ. Файтерлер қол алысып, өзара құрмет танытты.

UFC 323: екі титулдық жекпе-жек, бір үлкен мүмкіндік

UFC 323 турнирі Қазақстан уақытымен 6-нан 7 желтоқсанға қараған түні өтеді. Кештің басты кардында бірден екі чемпиондық белбеу сарапқа салынады:

Ең жеңіл салмақ (56,7 кг дейін):

  • чемпион – бразилиялық Александр Пантожа vs Мьянма өкілі Джошуа Ван

Жеңіл салмақ (61,2 кг дейін):

  • чемпион – грузин файтері Мераб Двалишвили vs ресейлік бұрынғы чемпион Петр Ян
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары