Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Әлімханұлының допинг дауы аясында жаңа жанжал шықты

Сарапшы, спорт журналисі
05.12.2025, 19:16

Соңғы күндері әлемдік кәсіпқой бокс төңірегінде жанжалдар үсті-үстіне шығып жатыр. Алдымен допинг-тесттен қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы ұсталып қалса, араға бір тәулік салып әлемнің үздік боксшыларының бірі, абсолютті чемпион Теренс Кроуфорд WBC белбеуінен айырылды.

instagram/@tbudcrawford
Реклама
Реклама

WBC шешімі: Кроуфордты белбеуден айырды

38 жастағы Теренс Кроуфордтың аты-жөні тағы да әлемдік спорт жаңалықтарының бас тақырыбына шықты.

Халықаралық басылымдардың хабарлауынша, WBC ұйымы Кроуфордты өздерінің чемпионы мәртебесінен айырып, белбеуді бос деп жариялаған. Себеп ретінде ұйымға байланысты қаржылық жарналарды төлемеуі, WBC регламентіне сәйкес төлемдер бойынша міндеттемелерді орындамауы көрсетілген.

Дәл осы шешім Кроуфордтың ашу-ызасын келтіріп, ол Маурисио Сулейманды қатаң сынның астына алды.

«Неге мен төлеуім керек?» – Кроуфордтың ашық мәлімдемесі

Америкалық абсолютті чемпион әлеуметтік желілерде WBC басшылығына қарсы ауыр сөздерін жасырған жоқ. Оның негізгі уәжі – теңсіз қаржылық талаптар мен әділетсіз қатынас.

Теренс Кроуфордтің үндемей қалмаған сөзін мазмұндасақ, ол былай дейді:

«Маурисио менің оларға 300 мың доллар қарыз екенімді айтып, кешірім сұрауым керек дейді. Неге дәл солай WBO, IBF немесе WBA талап етпейді? Мен үшін нағыз белбеу – The Ring, әрі ол үшін ақы төлемейсің. Рингте өмірімді қатерге тігіп жүрген – мен. Сонда мен неге сенің белбеуіңді тағу үшін ақша төлеуім керек? Керісінше, саған емес, маған төлеу керек. Сенің жайлы өмірің үшін біз – боксшылар еңбек етіп, денсаулығымызды қатерге тігеміз. Барлығы сенің "Канелоға" жанкүйер болғаныңды, мен оны жеңгенде ашуланғаныңды біледі. Егер сен расымен спорт жанкүйері болсаң, мені құттықтар едің. Ал сен ринг жанында қабағын түйіп, ренжіп отырғаныңмен есте қалдың».

Кроуфордтың бұл мәлімдемесі WBC мен чемпион арасындағы жағдайды одан сайын ушықтырып, бокс қауымында үлкен талқы туғызды.

«Канелоны» жеңгеннен кейінгі шиеленіс

Еске сала кетейік, 14 қыркүйекте өткен тарихи жекпе-жекте Теренс Кроуфорд екінші орта салмақта мексикалық супержұлдыз Сауль «Канело» Альваресті жеңіп, абсолютті әлем чемпионы атағын иеленген.

Дәл сол айқастан кейін көптеген сарапшы WBC-дің Кроуфордқа деген көзқарасы мен ұйым ішіндегі қарым-қатынасқа назар аудара бастаған еді.

Кейінірек америкалық боксшы өз болашақ қарсыластарының қатарына қазақстандық Жәнібек Әлімханұлын да қосқанын жасырмаған.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары