Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Маурисио Сулейман

Бұл тегте WBC президенті Маурисио Сулейманның бокс әлеміндегі шешімдері мен мәлімдемелері жинақталған: Усиктің қарсыласы, Бивол мен Бетербиев трилогиясының тағдыры, титулдық белбеулерге қатысты ұйым үкімдері.
Жекпе-жек

WBC президенті Усиктің келесі қарсыласын атады

Аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы Александр Усик келесі жекпе-жегін WBC тұжырымы бойынша міндетті үміткерге қарсы өткізуі тиіс. Бұл туралы ұйым президенті Маурисио Сулейман мәлімдеді.

Жекпе-жек

WBC Мейірім Нұрсұлтановтың титулдық жекпе-жегіне қатысты шешім шығарды

Кәсіпқой бокстан орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов қазір WBC рейтингінде №1 орында тұр және әлем чемпионы атағына міндетті үміткер саналады. Алайда Карлос Адамеспен титул үшін кездесу әлі күнге дейін өтпей келеді. 

Жекпе-жек

Әлімханұлының допинг дауы аясында жаңа жанжал шықты

Соңғы күндері әлемдік кәсіпқой бокс төңірегінде жанжалдар үсті-үстіне шығып жатыр. Алдымен допинг-тесттен қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы ұсталып қалса, араға бір тәулік салып әлемнің үздік боксшыларының бірі, абсолютті чемпион Теренс Кроуфорд WBC белбеуінен айырылды.

Жекпе-жек

Бивол vs Бетербиев: Трилогияның тағдыры күзде анықталады

Кәсіпқой бокс әлемінде көптен күткен үшінші кездесу жақында нақты шешімге келеді. Ресейлік қос мықты — Дмитрий Бивол (24–1, 12 KO) мен Артур Бетербиев арасында өтуі тиіс үшінші жекпе-жек жайлы шешім 2025 жылдың күзіне қарай жария етіледі. 

Жекпе-жек

Әйгілі Мэнни Пакьяо үлкен спортқа қайта оралады

WBC тұжырымы бойынша титул үшін Мэнни Пакьяо мен Марио Барриос арасындағы жекпе-жек ресми жарияланды. 

Жекпе-жек

Бивол 4 миллиардтың жекпе-жегінен бас тартты

Жартылай ауыр салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы ресейлік Дмитрий Бивол америкалық Дэвид Бенавидеспен жекпе-жектен бас тартты.

Жекпе-жек

"Тілдерін тістеп отырсын": Олег Тактаров Биволдың шешімін сынға алғандарға жауап берді

UFC-дегі алғашқы ресейлік чемпион Олег Тактаров жартылай ауыр салмақта абсолютті чемпион атағынан айырылған Дмитрий Биволды қорғап шықты.

Жекпе-жек

Бивол WBC титулынан бас тартты: жаңа әлем чемпионы анықталды

Дмитрий Бивол WBC тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық белдігінен ресми түрде бас тартты.

Жаңалықтар

Алматы әуежайының қызметкерін құтқарған батыр мәртебелі қызметке тағайындалды (ВИДЕО)

Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Мұса Әбідрайымның батылдығы туралы хабарлап, оны WBC бейбітшілік елшісі атағымен марапаттағанын мәлімдеді.

Жекпе-жек

WBC Бетербиев пен Бивол арасындағы үшінші жекпе-жекті мақұлдамады және жаңа қарсылас тағайындады

WBC (Дүниежүзілік бокс кеңесі) президенті Маурисио Сулейман "Матч ТВ" арнасына берген сұхбатында үшінші Бивол – Бетербиев жекпе-жегінің кейінге шегерілетінін мәлімдеді. Бұл шешімге WBC белбеуі үшін міндетті қарсылас ретінде америкалық Дэвид Бенавидестің бекітілуі себеп.