Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Алматы әуежайының қызметкерін құтқарған батыр мәртебелі қызметке тағайындалды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
08.03.2025, 18:10

Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Мұса Әбідрайымның батылдығы туралы хабарлап, оны WBC бейбітшілік елшісі атағымен марапаттағанын мәлімдеді.

fightnews.info
fightnews.info

Маурисио Сулейман қазақ боксшысы Әлихан Жарылқапов арқылы Мұса Әбдірайыммен телефон арқылы байланысып, оның ерлігіне жоғары баға берді.

"Мұса – тек спорт үшін ғана емес, бүкіл адамзат үшін нағыз батыр", — деп атап өтті WBC басшысы.

Оның айтуынша, Мұса Әбдірайым ерекше батылдық танытып, шапшаң реакциясы мен қорықпай жасаған әрекеті арқылы шынайы қаһармандықтың үлгісін көрсетті.

Еске сала кетсек, кеше Алматы халықаралық әуежайында ер адам қолына пышақ алып, әуежай қызметкерін кепілге алған болатын.

Оқиға орнында болған қоңыр түсті поло киген азамат қаскөймен келіссөз жүргізіп, өзін кепілге алуды ұсынған. Сәті түскенде, ол қылмыскердің қолындағы пышақты жұлып алып, полицияға оны ұстауға көмектесті.

Бұл ерлігі үшін ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев батыр азаматты мемлекеттік наградамен марапаттауды тапсырды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір