
UFC-дегі алғашқы ресейлік чемпион Олег Тактаров жартылай ауыр салмақта абсолютті чемпион атағынан айырылған Дмитрий Биволды қорғап шықты.
Еске салайық, Дмитрий Бивол WBC (Дүниежүзілік бокс кеңесі) тұжырымы бойынша чемпиондық белдігінен бас тартты. Бұл шешім нәтижесінде жаңа чемпион — америкалық Дэвид Бенавидес атанды. Мұны WBC президенті Маурисио Сулейман ресми түрде жариялаған еді.
Олег Тактаров бұл шешімді сынға алғандарға қарсы пікір білдіріп, Биволдың нағыз ер-азамат ретінде сөзінде тұрғанын атап өтті.
“Бұл — таза ер азаматтық ұстаным. Мүмкін мұнда қаржылық фактор да болған шығар. Бірақ Дима Бетербиевке реванш уәде етті, енді сол уәдесін орындайын деп отыр. Ал кімде-кім Биволды сынап жатса — солар қазір тілін тістеп, басын иіп отырғаны жөн”, — деді Тактаров.
Тактаров сонымен қатар WBC басшысы Маурисио Сулейманның әрекетіне де күмәнмен қарайтынын жасырмады. Оның айтуынша, спортшының толық қалпына келуі үшін кемінде төрт ай қажет.
“Психологиялық және физикалық қалпына келу — ұзақ процесс. Мен де бір кездері жиі жекпе-жекке шығып, жеңілгенмін. Ал ежелгі Рим гладиаторлары алты айда бір рет қана айқасатын. Көп күресу де, сирек күресу де зиян.
Сулейман деген кім өзі? Ақша алды да, енді бәрін шешетін адам сияқты. Бірақ спортшы жайлы нақты не біледі? Тайсон мен Холифилдтен сұрасаңыз — төрт айдан ерте қалпына келу мүмкін емес екенін олар да растайды”, — деді Тактаров.