WBC Мейірім Нұрсұлтановтың титулдық жекпе-жегіне қатысты шешім шығарды

Сарапшы, спорт журналисі

Кәсіпқой бокстан орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов қазір WBC рейтингінде №1 орында тұр және әлем чемпионы атағына міндетті үміткер саналады. Алайда Карлос Адамеспен титул үшін кездесу әлі күнге дейін өтпей келеді. 

WBC Мейірім Нұрсұлтановтың титулдық жекпе-жегіне қатысты шешім шығарды
NUR.kz

Нұрсұлтанов титулға жақын, бірақ айқас неге кешігіп жатыр?

Жеңіліс көрмеген Мейірім Нұрсұлтанов соңғы рет 2023 жылдың қарашасында Ташкентте чилилік Хулио Аламосты төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен ұтқан еді. Содан бері қазақстандық боксшы титулдық мүмкіндік күтумен жүр.

Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясы (ҚКБФ) өкілдері спортшының ұзақ уақыт жекпе-жексіз қалуына алаңдаулы екенін жасырмады.

Ерденбеков: “Мәселе визада. WBC көмектесеміз деді”

ҚКБФ президенті Рақымжан Ерденбеков Нұрсұлтановтың жағдайын WBC басшысы Маурисио Сулейманмен жеке талқылағанын айтты. Оның сөзінше, негізгі кедергі – АҚШ визасы.

“WBC-дің соңғы конвенциясында Нұрсұлтанов мәселесін көтердім. Маурисио Сулейманмен визасына қатысты сөйлестік. Мейірімнің басты проблемасы – Америка визасын ала алмай жүр. WBC бізге осы визаны рәсімдеуге көмектесетінін уәде етті. Бірақ Адамеспен чемпиондық жекпе-жекке дейін Нұрсұлтанов тағы бір айқас өткізуі керек, содан кейін ғана титулдық кездесуге дайындық басталады”, – деді Ерденбеков.

Яғни, WBC позициясы бойынша Адамеспен чемпиондық айқасқа дейін Нұрсұлтановқа бір аралық жекпе-жек өткізу міндеті қойылып отыр.

Мейірім Нұрсұлтанов туралы қысқаша

  • Кәсіпқой рингтегі дебюті: 2016 жыл (алғашқы жекпе-жегінде америкалық Генри Бэкфордты ұтты)
  • Жалпы рекорды: 20 жекпе-жек – 20 жеңіс
  • Оның ішінде: 11 жеңіс – нокаутпен
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір