Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Аяқтан шалу әдетке айналды» –Жанқош Тұраров допинг дауына жауап берді

Сарапшы, спорт журналисі
06.12.2025, 19:31

Кәсіпқой бокста жеңіліссіз келе жатқан қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров отандасы Жәнібек Әлімханұлына қатысты туындаған допинг дауына реакция білдірді. 

instagram/@zhankoshturarov
Реклама
Реклама

«Бұл соққы тек Жәнібекке емес, бүкіл қазақ еліне тиді»

Жанқош Тұраров Instagram-парақшасында жағдайға байланысты жанкүйерлерге үндеу жолдап, Жәнібекті ашық қолдады.

Оның жазбасында шамамен мынадай ойлар айтылды:

«Адамды аяқтан шалу, оны жерге ұрып тастау әдетке айналып бара жатқаны қорқынышты. Оның артында бокс әлеміндегі үлкен саясат тұрғаны түсінікті.

Қадірлі бауырым Жәнібек Әлімханұлы, біз сенімен біргеміз. Бүгінгі жеңіс сенің жағыңда деп сенеміз! Сен еңбегіңмен де, тазалығыңмен де әлдеқашан дәлелдеген спортшысың.

Бұл тест – жалғыз саған ғана емес, бүкіл қазақ еліне жасалған соққы болды. Әр сынақ жігітті биікке шығару үшін келеді, соны ұмытпа».

Осы сөздерімен Тұраров Жәнібектің еңбегі мен «тазалығына» сенетінін, оны қолдаудың қазақ жанкүйері үшін маңызды екенін айқындап өтті.

Әлімханұлы – Лара жекпе-жегі неге өтпейді?

Еске сала кетсек, 7 желтоқсан күні Жәнібек Әлімханұлы кубалық Эрисланди Лараға қарсы WBO, IBF, WBA белбеулері үшін біріктіру жекпе-жегін өткізуі керек еді.

Алайда жақында тараған ақпаратқа сәйкес қазақстандық боксшының допинг-сынамасынан тыйым салынған мельдоний заты анықталғаны хабарланды.

Салдарынан жоспарланған жекпе-жек ресми түрде тоқтатылды. Оқиға үлкен допинг дауына ұласты. Жанкүйерлер мен бокс қауымдастығы арасында түрлі пікірлер туындады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары