IBA ӘЧ: Өзбекстандық олимпиада чемпионы келесі кезеңге жекпе-жексіз өтті
06.12.2025, 17:33
Дубайда IBA тұжырымы бойынша өтіп жатқан әлем біріншілігінде өзбек боксшысы Абдумалик Халоков қарсыласы рингке шықпағандықтан автоматты жеңіске ие болды.
sportilinet.kz
Екі дүркін әлем чемпионы, Олимпиада жеңімпазы Абдумалик Халоков бастапқы жекпе-жегін эквадорлық Кевин Маскуераға қарсы өткізуі тиіс еді.
Бірақ эквадорлық боксшы салмақ өлшеу талаптарын орындамаған. Соның салдарынан жекпе-жекке жіберілмей, төрешілер шешімімен жеңіс өзбекстандыққа автоматты түрде жазылды. Осылайша Халоков рингке шықпай-ақ келесі кезеңге жолдама алды.
Айта кетейік, биыл Халоков Ливерпульде өткен әлем чемпионатында World Boxing ұйымы аясында да алтын медаль жеңіп алған еді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама