Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Конор Макгрегор UFC-ге қайта оралады

Сарапшы, спорт журналисі
06.12.2025, 12:59

Естеріңізге салсақ, ирландиялық жауынгер екі салмақта UFC чемпионы болған.

Конор Макгрегор. Фото: UFC
Реклама
Реклама

UFC жұлдызы Конор Макгрегор (22-6) жартылай орта салмақтағы чемпиондық белдік үшін Ислам Махачевпен (28-1) жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді.

"Мен жартылай орта салмақта белдікке таласқым келетіні анық. Бұл өте керемет айқас болар еді. Солақайға қарсы солақай. Ислам жақсы өнер көрсетті. Ойын адал өтті, ол батылдық танытып, салмақ көтерді. Мен бұл жекпе-жекті асыға күтіп жүрмін", — деді Макгрегор.

Еске сала кетейік, осы салмақта чемпиондық кездесуге әлеуетті үміткерлердің бірі — қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов (19-0). Ол бір жылға жуық октагонға шықпағанына қарамастан, титулға басты кандидаттар қатарында қалып отыр. Соңғы жекпе-жегінде, 2024 жылдың 7 желтоқсанында, Рахмонов ирландиялық Иэн Гэрриді (17-1) әділқазылардың бірауыздан шыққан шешімімен жеңген болатын.

Шавкаттың жеңілмеген рекорды, оның жоғары деңгейдегі қарсыластарды сенімді түрде жеңіп келе жатқаны, сондай-ақ UFC-дегі беделі оны дивизиондағы ең қауіпті және лайықты талапкерлердің біріне айналдырып отыр. Егер Макгрегор–Махачев жекпе-жегі ұйымдастырылса, Рахмоновтың да чемпиондық айқасқа жол ашу мүмкіндігі арта түспек.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары