Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Бокстан әлем чемпионаты: бүгін ел намысын кім қорғайды?

Сарапшы, спорт журналисі
06.12.2025, 11:58

2025 жылғы әлем чемпионатында (IBA) Дубайда (БАӘ) өтетін бәсекеде 6 желтоқсан күні төрт қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады.

Сәкен Бибосынов. Фото: Olympic.kz
Реклама
Реклама

Қазақстан уақытымен 18:00-де басталатын күндізгі сессияда 75 келіде сынға түсетін Сабыржан Аққалықов өнер көрсетеді. Оның Сейшель аралдарының боксшысы Джошуа Аарон Кузинге қарсы жекпе-жегі шамамен 20:45-те басталады.

22:00-де өтетін кешкі сессияда Даниял Сәбит (51 кг), Сәкен Бибосынов (54 кг) және Серік Теміржанов (60 кг) жұдырықтасады. 22:30-да Сабит пен Бибосыновтың айқастары басталады: Даниял кениялық Кельвин Майнамен кездессе, Сәкен басқа рингте Ботсвана өкілі Катлего Кеорапецемен жұдырықтасады. Қазақстандықтар арасында соңғы болып Серік Теміржанов шаршы алаңға шығады. Ол моңғол боксшысы Цэндбаатар Эрдэнэбатпен кездеседі. Олардың жекпе-жегі шамамен 00:15-те басталады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары