Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Аягөзден шыққан феномен!» 18 жастағы таэквондошы әлемді бағындырды

Сарапшы, спорт журналисі
06.12.2025, 20:04

Кения астанасы Найробидегі U21 әлем чемпионатында қазақстандық таэквондошы Батырхан Төлеуғали алтын медаль жеңіп алды. 

Спортты дамыту дирекциясы
Реклама
Реклама

Қазақстан U21 құрамасының нәтижесі: екі алтын, бір қола

Қазақстан таэквондошылар Найробидегі U21 әлем чемпионатын жоғары нотада аяқтады.

Жалпы командалық көрсеткіш:

  • 2 алтын,
  • 1 қола медаль.

Сол алтындардың бірін Батырхан Төлеуғали жеңіп алды.

Иран спортшысын финалда тоқтатты

Батырхан Төлеуғали 87 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, шешуші кезеңге дейін сенімді жүріп өтті.

Финалда ол ирандық Мохаммад Ализадехпен күш сынасып, қарсыласын айқын басымдықпен жеңді.

Турнир барысында Батырхан мына спортшыларды ұтты:

  • Фотиос Домбас (Грекия),
  • Джоб Стюарт (Австралия),
  • Владислав Будин (Ресей).

Осылайша қазақстандық таэквондошы бірінен соң бірін мықты қарсыластарды жолдан ығыстырып, әлемдік деңгейдегі басты титулды жеңіп алды.

Найробидегі басқа жүлделер

3–6 желтоқсан аралығында өткен әлем біріншілігінде Қазақстан тағы екі жүлде иеленді:

  • Бейбарыс Қабылан – U21 тарихындағы Қазақстанның алғашқы алтын жүлдегері,
  • Темірлан Тілеулес – қола медаль иегері.

Батырхан Төлеуғали туралы: мәліметтер және негізгі жетістіктер

  • Туған күні: 25 шілде 2006 жыл
  • Туған жері: Аягөз ауданы, Абай облысы

Карьерадағы басты жетістіктері:

  • 2022 ж. жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері (–68 кг)
  • 2022 ж. жастар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері (–68 кг)
  • 2023 ж. жастар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері (–73 кг)
  • 2025 ж. клубтық Азия чемпионатының қола жүлдегері (–80 кг)
  • 2025 ж. Таэквондодан Мировой Гран-при кезеңінің қола жүлдегері (–80 кг)
  • 2025 ж. Универсиада қола жүлдегері (–80 кг)
  • World Taekwondo аясындағы рейтингілік турнирлердің бірнеше дүркін жүлдегері

Әлемдік рейтингтегі орны:

  • 80 кг салмақта – 9-орын
  • 87 кг салмақта – 96-орын
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары