Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Жақсы жанкүйерлер жинаппын»: Жәнібек Әлімханұлы ағынан жарылды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 12:01

Допинг дауына ұшыраған қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлеріне ризашылық білдірді.

Жәнібек Әлімханұлы. Фото: ашық дереккөзден
Реклама
Реклама

Ол қазақ жанкүйерлерін шетелдіктермен салыстырып, қандай жағдайда да қолдау білдіретінін жеткізді.

«Қолдап жатқан спортшы бауырларым мен жанкүйерлерге ерекше алғыс айтамын! Шетелдіктер дауға қуанып жатқанда, өз қазағым оларға қосылмай, жатқа жығып бермей, қасымнан табылып, таза екенімізге сенім білдіріп жатқаны жаныңа демеу болады екен! Менің бір қуанатыным, бокс манасабымда жаман жанкүйер жинамаппын! Мен қазаққа болысатын, қазақ үшін жаны ауыратын, қазаққа жақтасатын жанкүйер жинаппын! Менің жанкүйерлерім тек көк туды желбіреткенде ғана қасымнан табылатын емес, қиындықта да қолдайтын жанкүйер екен! Бұл түсіне білгенге спортшы үшін үлкен бақ!», - деп жазды боксшы.

Жәнібек Әлімханұлы өткен аптада соңында кубалық Эрисланди Ларамен орта салмақтағы WBO, IBF және WBA белбеулері үшін біріккен титулдық жекпе-жек алдында допинг сынамасын тапсырып, оң нәтиже көрсеткен.

Отандасымыз бүгінге дейін WBO, IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуін иеленді. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары