ӘЧ-2025: Қазақ-өзбек боксшылары қашан өзара жұдырықтасады?
Екі ел боксшыларының жолы түйісетін кезеңдер белгілі болды.
Дубайда өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары арасындағы алғашқы дерби 1/8 финалда орын алуы мүмкін. Екі ел боксшыларының жолы түйісетін орындар белгілі болды.
86 кг салмақта қазақстандық Дәулет Төлемісов пен өзбекстандық Акмалжон Исроилов ширекфинал жолдамасын сарапқа салады.
- Төлемісов — Әлем кубогының жеңімпазы
- Исроилов — World Boxing нұсқасы бойынша 2025 жылғы әлем чемпионы
Ал қалған салмақ дәрежелері бойынша Қазақстан–Өзбекстан дербиі қай кезеңде болуы мүмкін?
48 кг:
-
Теміртас Жүсіпов — Шодияржон Меликузиев
Финалда ғана қолғап түйісуі мүмкін.
51 кг:
-
Данял Сабит — Хасанбой Дусматов
Тек финалда кездесе алады.
54 кг:
-
Сәкен Бибосынов — Асилбек Жалилов
Мүмкін жекпе-жек: финал.
57 кг:
-
Оразбек Асылқұлов — Хужаназар Нортожиев
Тек финалда.
60 кг:
-
Серік Теміржанов — Абдумалик Халоков
Тек финалда жолығуы мүмкін
63,5 кг:
- Ертұған Зейнуллин өнерін жалғастыруда. Саят Ильясов жарысты аяқтады. Қазақстан–Өзбекстан боксшыларының бұл салмақта кездесуі мүмкін емес.
67 кг:
-
Санатәлі Төлтаев — Асадхуджа Муйдинхуджаев
Кездесу мүмкіндігі: 1/4 финал.
71 кг:
Абылайхан Жүсіпов жарысты жалғастыруда. Өзбекстандық Болтаев турнирден шықты.
75 кг:
-
Сабыржан Аққалыков — Фазлиддин Еркінбоев
Бұл айқас тек жартылай финалда болуы мүмкін.
80 кг:
-
Ерасыл Жақпеков — Жавохир Умматалиев
Мүмкін жекпе-жек: финал.
92 кг:
-
Нурмагомед Юсупов — Турабек Хабибуллаев
Айқас тек финалда болуы мүмкін.
92+ кг:
-
Нұрлан Сапарбай — Арман Маханов
Бұл жұп жартылай финалда кездесуі ықтимал.