Қазақстан құрамасы Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан IBA нұсқасы бойынша 2025 жылғы бокстан әлем чемпионатында жеңісті сериясын жалғастыруда. Әлем біріншілігіндегі қатарынан 12-ші жеңісті 67 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын Санатәлі Төлтаев қамтамасыз етті.
Санатәлі Төлтаев 1/8 финал кезеңінде Бразилия өкілі Кассиу Сантус Оливейрамен күш сынасты. 67 кг салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек төрешілердің бірауызды шешімімен қазақстандықтың пайдасына шешілді.
Осылайша Төлтаев сенімді жеңіспен ширек финалға жолдама алды, ал бразилиялық боксшының әлем чемпионатындағы жорығы осы кезеңде тоқтады.
Төлтаевтың ендігі қарсыласы – Өзбекстаннан келген аса атақты боксшы Асадхуджа Муйдинхуджаев.
Асадхуджаның басты жетістіктері:
Ал Санатәлі Төлтаев: