Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

IBA ӘЧ: Қазақстандық ардагер ширек финалға шықты

Сарапшы, спорт журналисі
08.12.2025, 23:00

Дубайда өтіп жатқан IBA нұсқасы бойынша бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатында Теміртас Жүсіпов тағы бір сенімді жеңісіне жетті. Ол 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үндістандық Девендра Сингх Соланкиден басым түсті. 

sportarena.kz
Реклама
Реклама

Жекпе-жек Жүсіповтің бақылауында өтті

Теміртас 1/8 финалдық айқаста тәжірибелі боксшыға тән салқынқанды қалыпта шықты. Кездесу басынан-ақ қазақстандық боксшы қашықтықты сауатты ұстап, қарсыласына өз қарқынын көрсетті. 

Теміртас үш раунд бойы бастаманы қолдан шығарған жоқ. Дәл және жойқын соққыларымен Соланкиді қыспақта ұстады. Тактикалық тұрғыдан қарсыласын толық зерттеп шыққаны байқалды.

Нәтижесінде қазылар алқасы жеңісті Теміртас Жүсіповтің пайдасына тіркеді. Осылайша қазақстандық боксшы Дубайдағы әлем чемпионатында жүлде үшін күресін жалғастырады.

Тәжірибесі толысқан чемпион

37 жастағы Теміртас Жүсіпов – қазақстандық әуесқой бокстың ең тәжірибелі және табысты спортшыларының бірі. Ол өзінің мансабында бірнеше мәрте ірі жарыстардың шыңын бағындырған:

  • 2021 жылғы әлем чемпионы;
  • Азия чемпионы – 2013, 2019 жылдары;
  • WSB сериясының чемпионы (2015);
  • Әлемдік әскери ойындар чемпионы (2019);
  • Әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы (2021);
  • Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы.
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары