Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Теміржановтың бір соққысы Замбия боксшысын есінен тандырды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
08.12.2025, 23:47

Дубайда IBA тұжырымы бойынша бокстан 2025 жылғы әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Осы додада 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Серік Теміржанов 1/8 финалда әсерлі нокаутпен жеңіске жетті.

sportarena.kz
Реклама
Реклама

Екінші раундтағы нокаут және айқын жеңіс

1/8 финалда Теміржановтың қарсыласы Замбия боксшысы Эндрю Чилата болды. Кездесу басынан-ақ қазақстандық былғары қолғап шебері рингте сенімді қимылдап, қарсыласын қыспаққа алды.

Екінші раундта шешуші сәт туды. Серік дәл бауырдан ауыр соққы дарытып, Чилатаны нокаутқа жіберді. Африкалық боксшы жекпе-жекті жалғастыра алмады, ал төреші айқасты мерзімінен бұрын тоқтатты. Осылайша Теміржанов ерте жеңіске жетіп, келесі айналымға жолдама алды.

Теміржанов – әлем деңгейінде дәлелденген жүлдегер

27 жастағы Серік Теміржанов – қазақстандық бокстың танымал есімдердің бірі. Ол:

  • 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері;
  • Токио-2020 Олимпиадасының қатысушысы.
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары