Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Сабыржан Аққалықов финалда! Өзбекстандық әлем чемпионы жекпе-жектен бас тартты

Сарапшы, спорт журналисі
11.12.2025, 15:06

Еске салайық, ӘЧ-2025 жартылай финалдары 11 желтоқсанда өтеді.

sportarena.kz
Реклама
Реклама

Бокстан Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының боксшысы Сабыржан Аққалықов жекпе-жексіз финалға шықты.

Жартылай финалда Аққалықовтың қарсыласы Өзбекстан боксшысы Фазлиддин Эркинбоев болуы тиіс еді. Ол биыл World Boxing нұсқасы бойынша өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған. Алайда жекпе-жек басталуына бірнеше сағат қалғанда Эркинбоев жарақатына байланысты кездесуден бас тартты. Осылайша, Сабыржан Аққалықов қарсыласының бас тартуынан әлем чемпионатының финалисі атанды.

Қазақстанның тағы бес боксшысы жартылай финалда

Еске салайық, ӘЧ-2025 жартылай финалдары 11 желтоқсанда өтеді. Қазақстан бұл кезеңде алты боксшымен өнер көрсетеді:

  • Теміртас Жүсіпов (48 кг)
  • Сәкен Бибосынов (54 кг)
  • Оразбек Асылқұлов (57 кг)
  • Ертуған Зейнуллинов (63,5 кг)
  • Абылайхан Жүсіпов (71 кг)
  • Сабыржан Аққалықов (75 кг) – финалға шықты
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары