Теміртас Жүсіпов финалдан тыс қалды (ВИДЕО)
11.12.2025, 17:37
Қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған 2025 жылғы әлем чемпионатының финалына өте алмады.
vesti.kz
Ресейлік боксшыға финалға жолдама алды
48 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға шыққан Теміртас Жүсіпов Ресей құрамасының өкілі, осы салмақтың бірінші нөмірлі боксшысы саналатын Эдмонд Худоянмен қолғап түйістірді.
Кездесу біткен соң төрешілер ортақ шешімге келіп, жеңісті ресейлік боксшыға берді — 0:5. Осылайша Эдмонд Худоян әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Теміртас Жүсіпов 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Жүсіпов пен Худоян: атақты қарсыластар дуэлі
Теміртас Жүсіпов:
- 2021 жылғы әлем чемпионы,
- екі дүркін Азия чемпионы.
Эдмонд Худоян:
- 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері,
- 2024 жылғы Еуропа чемпионы.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама