Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпион Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг бақылау төңірегіндегі жағдайға байланысты маңызды ақпарат жариялады.
Функционердің айтуынша, халықаралық антидопингтік рәсім аясында Жәнібек Әлімханұлы тапсырған тест нәтижесіне байланысты B сынамасын ашудың нақты күні мен уақыты ресми түрде тағайындалған. Бұл кезең процедураның ашықтығы мен спортшы құқығының сақталуы тұрғысынан аса маңызды саналады.
Әлемдік тәжірибеде B сынамасының талдауы тек белгілі бір жағдайда жүзеге асады: A сынамасы бойынша бастапқы деректерді растау немесе ол нәтижелерді жоққа шығару қажет болғанда.
Процедура тәуелсіз, аккредиттелген зертханада өтеді және хаттамалар қатаң сақталады. Оның ішінде:
Дәл осы тетік объективтілікті қамтамасыз етіп, қате немесе әртүрлі түсіндіру ықтималдығын азайтады.
Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясы B сынамасын ашу күні белгіленуі қандай да бір ереже бұзушылықты мойындау немесе алдын ала қорытынды жасау емес екенін атап өтті. Бұл — халықаралық антидопинг нормаларында қарастырылған стандартты рәсімдік қадам. Оның мақсаты — фактілерді түпкілікті нақтылау.
Ресми қорытынды шықпайынша пікір айтуға болмайды
Федерацияның ұстанымы өзгермейді: екі сынаманың да (A және B) нәтижелері бойынша ресми қорытынды шықпай тұрып, қоғам алдында қандай да бір болжам айтуға, баға беруге және эмоциялық пікір білдіруге жол берілмейді.
Таза спорт қағидалары мен спортшы құқығын қорғау тек расталған дерекке сүйенуі тиіс.
Ерденбековтің мәлімдеуінше, жағдайға қатысты соңғы ақпарат пен құқықтық бағалау барлық процедура аяқталып, уәкілетті антидопинг органдарынан ресми құжаттар алынғаннан кейін жарияланады. Сондай-ақ федерация VADA-дан A сынамасы бойынша ресми әрі кеңейтілген жауап күтетінін жеткізген.