Қазақстандық былғары қолғап шебері Сәкен Бибосынов Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан IBA ұйымдастырған 2025 жылғы әлем чемпионатында финалдық жекпе-жек өткізіп, ел қоржынына турнирдегі алғашқы алтын медальді салды.
Бибосынов 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ресейлік Вячеслав Рогозинмен қолғап түйістірді. Тартысқа толы айқас қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы төрешілердің бөлінген шешімімен басым түсті.
Жекпе-жектің екінші раундында рефери Рогозинге нокдаун есептеп, санау жүргізді. Бұл эпизод финалдың тағдырына тікелей әсер еткен маңызды сәттердің бірі болды.
Сәкен Бибосынов 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері, ӘЧ-2021 чемпионы, ӘЧ-2019 қола медаль және Азия чемпионатының ("күміс" – 2022, "қола" – 2021) иегері.
Еске салайық, бүгін Қазақстан құрамасынан финалда тағы бірнеше боксшы чемпиондыққа таласады: