Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Оразбек Асылқұлов Тәжікстан боксының тарихи финалисін ұтты (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
13.12.2025, 19:22

Қазақстан құрамасының боксшысы Оразбек Асылқұлов Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан IBA әлем чемпионатында қарсыласын айқын басымдықпен жеңді. 

sports24.kz
Реклама
Реклама

Қарсыласы — Тәжікстан боксы тарихындағы тұңғыш финалист

Асылқұловқа қарсы финалда Хусравхон Рахимов болды. Айта кетейік, Рахимов тәжік боксы тарихында әлем чемпионаты финалына шыққан алғашқы боксшы ретінде ерекшеленген.

1-раунд: Оразбек Асылқұлов қарсыласын толық бақылауда ұстап, төрешілердің бірауыздан 5:0 есебімен кезеңді өз пайдасына жазды.

2-раунд: Қазақстандық боксшы қарқынын сәл бәсеңдетті, нәтижесінде төрешілер бұл раундты 3:2 есебімен бағалады.

3-раунд: Соңғы үш минутта айқастың жалпы бағыты өзгермей, Асылқұлов басымдығын сақтап қалды.

Осылайша Оразбек Асылқұлов IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанып, Дубайда Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль салды. 

Бұның алдында Сәкен Бибосынов финалда ресейлік қарсыласынан басым түскен. 

Ескерту: IBA турнирін ХОК мойындамайды

Еске салайық, БАӘ-дегі әлем чемпионаты IBA ұйымының аясында өтуде. Алайда Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) бұл ұйымды ресми түрде мойындамайды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары