Қазақстан Дубайдағы IBA әлем чемпионатында үш алтын, бір күміс, және екі қола жүлде иеленді.
Дубайда өткен IBA нұсқасы бойынша 2025 жылғы бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орын иеленді. Алайда қазақстандық боксшылар бұл турнирдегі жетістіктері үшін мемлекеттен сыйақы алмайды.
Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) қолдауымен өткен бұл дода жүлде қоры жағынан рекордтық көрсеткішке жетіп, жалпы сыйақы көлемі 8,3 миллион доллар болды.
IBA тарапынан алтын медаль иегерлеріне 300 мың доллар, күміс жүлдегерлерге 150 мың доллар, қола жүлдегерлерге 75 мың доллар төленді. Сонымен қатар жартылай финалға шыққан боксшыларға 10 мың доллардан сыйақы берілді.
Ал Қазақстан заңнамасына сәйкес, әлем чемпиондарына мемлекет тарапынан 15 мың доллар, күміс жүлдегерлерге 7 мың доллар, қола жүлдегерлерге 5 мың доллар көлемінде сыйақы қарастырылған.
Бұған дейін Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Мерей Ақшалов соңғы заңнамалық өзгерістерге сәйкес, мемлекет тек Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) ресми мойындаған федерациялар өткізетін турнирлерді ғана қаржыландыратынын айтқан болатын. Қазіргі таңда ХОК World Boxing ұйымын мойындайды, ал IBA ресми түрде танылмаған.
Осыған байланысты IBA ұйымдастырған әлем чемпионатында жүлде алған қазақстандық боксшыларға мемлекеттен қосымша сыйақы төленбейді.
Айта кетейік, IBA әлем чемпионатының жүлдегерлері атанған қазақстандық боксшылар:
Алтын медаль:
Күміс медаль:
Қола медаль: