Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Бір ұпай «қоланың» тағдырын шешті: Қарағанды ҚБФ кубогында үздік үштікке кірді

Сарапшы, спорт журналисі
14.12.2025, 18:07

Қазақстан бокс федерациясының (ҚБФ) кубогында қола жүлденің иесін небәрі бір ұпай анықтады. Қарағанды облысының құрамасы 20 мың доллар сыйақы алады. 

Instagram/@boxingkazakhstan
Реклама
Реклама

Қарағанды – үшінші, Маңғыстау – төртінші

Қарағанды облысы үшінші орын үшін өткен кездесуде Маңғыстау облысын ұтып, кубоктың қола жүлдесін иемденді. 

Матчтың жалпы есебі: 8:7 — Қарағанды облысының пайдасына.

Шешуші жекпе-жек: +90 кг салмақта бәрі анықталды

Тартыстың тағдырын 90 келіден жоғары салмақтағы соңғы айқас шешті. Бұл салмақта Маңғыстау өкілі Иманғали Нұрпейіс Салауат Тілекбайға 2:3 есебімен жол берді.

Осы нәтиже командалық кездесудің де түйінін шешіп, Қарағандыға қола жүлдені алып берді.

ҚБФ хабарламасына сәйкес:

  • Қарағанды облысы (3-орын) — 20 00 долларға
  • Маңғыстау облысы (топтан шығып, жартылай финалға дейін жеткені үшін) — 10 000 долларға иелік етті. 

Бүгін турнирдің финалында, яғни «алтын» медаль үшін Астана құрамасы Шымкентпен кездеседі.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары