Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Қаншама ақша “жуылып” жатыр». Ресейде бокстан ӘЧ турнирі қатаң сынға ұшырады

Сарапшы, спорт журналисі
14.12.2025, 21:11

Ресейдегі «неКАРАтэ» атты YouTube-арна Дубайдағы (БАӘ) IBA 2025 жылғы әлем чемпионатын экономикалық қырынан талдап, өткір пікір білдірді.

instagram/@iba_official
Реклама
Реклама

YouTube-арнасының авторы не айтты?

Арна авторы Ресейдегі экономикалық ахуалды алға тартып, Дубайдағы турнирдің 8,3 млн еуро жүлде қорын орынсыз шығын ретінде бағалаған. Сондай-ақ чемпионат аясында кәсіби бокс кешінің ұйымдастырылуына да күмәнді көзқарас танытқан.

Автордың пікірінше, мұндай көлемдегі сыйақы «дағдарыс кезінде сән-салтанат құру» секілді көрінеді және бұл қарапайым халыққа деген құрметсіздік әсерін қалдырады. Бұдан бөлек, арнада қаржының «жуылуы мүмкін» деген сарындағы айыптаулар да айтылды (бұл — арна авторының жеке көзқарасы ретінде келтіріліп отыр).

ӘЧ-2025 қорытындысы: медаль кестесі

Еске салайық, бокстан ӘЧ-2025 нәтижесінде жалпыкомандалық есепте үздіктер үштігі төмендегідей болды:

  1. Ресей құрамасы — 7 алтын, 5 күміс, 1 қола
  2. Қазақстан құрамасы — 3 алтын, 1 күміс, 2 қола
  3. Өзбекстан құрамасы — 2 алтын, 4 күміс, 3 қола

Қазақстан құрамасы турнирді 3 алтынмен аяқтап, жалпы есепте екінші орынға тұрақтады. Бұл көрсеткіш ұлттық құраманың әлемдік аренадағы бәсекеге қабілетін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары