Геннадий Головкинге жағымды жаңалық жетті
16.12.2025, 20:26
World Boxing ұйымы тағы да кеңейіп, құрамына 15 жаңа ұлттық бокс федерациясы қосылды. Атқарушы кеңес жаңа өтінімдерді мақұлдағаннан кейін ұйымның жалпы қамтуы 152 ұлттық федерацияға жеткені айтылды.
zakon.kz
World Boxing-ке қосылған жаңа мүшелер (15 федерация)
Хабарламаға сай, ұйымға төмендегі елдердің федерациялары қабылданды:
- Бахрейн бокс федерациясы
- Бангладеш бокс федерациясы
- Эсватини бокс федерациясы
- Фарер аралдарының бокс қауымдастығы
- Гайана бокс қауымдастығы
- Лесото бокс қауымдастығы
- Люксембург бокс федерациясы
- Мальта бокс федерациясы
- Марокконың Корольдік бокс федерациясы
- Нигерия бокс федерациясы (FENIBOXE)
- Пуэрто-Рико бокс федерациясы
- Сербия бокс федерациясы
- Сейшель аралдарының бокс федерациясы
- Того бокс федерациясы
- Тунис бокс федерациясы
Ұйымдағы жалпы сан: 152 федерация қалай қалыптасты?
World Boxing-тің ресми мәліметінде қазіргі таңда ұйым 152 ұлттық федерацияны біріктіретіні көрсетілген. Оның ішінде:
- 123 толыққанды мүше (Full Members)
- 1 ассоциативті мүше (Associate Member)
- 28 «мақұлданған/ұсынылған» мүше (Endorsed Members)
Мұндағы Endorsed Members мәртебесіндегі федерациялар толық мүшелікке өту үшін келесі Конгрессте дауысқа салынады.
Еске сала кетейік, World Boxing президенті – қазақстандық бокс аңызы Геннадий Головкин. Ол 2025 жылғы 23 қарашада Римде өткен ұйым Конгресінде осы қызметке ресми түрде бекітілген.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама