Алғашқы жекпе-жектің қашан, қайда және кімге қарсы өтетіні де белгілі.
Қазақстандық боксшы Кенже Мұратұлы кәсіпқой боксқа ауысты. Алғашқы жекпе-жегі қашан және кімге қарсы болатыны да белгілі.
Атап айтар болсақ, айқас 27 желтоқсанда Алматыда Ali Akhmedov Promotions ұйымдастыратын бокс кешінде өтеді. Оның қарсыласы — 18 жастағы өзбекстандық Абдуазиз Бахруллаев (1-0, 1 KO). Жекпе-жек екінші жеңіл салмақ лимитінде өтеді.
Айта кетейік, Кенже Мұратұлы — 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Қазақстанның қазіргі чемпионы. Сондай-ақ ол мамыр айында Шри-Ланканың Коломбо қаласында өткен Азия чемпионатында-2025 осы жас санатында бақ сынаған болатын. Алайда алғашқы жекпе-жекте жеңіліп қалды.
Ал Абдуазиз Бахруллаев кәсіпқой бокста ақпанда дебют жасап үлгерді. Ол Андижанда (Өзбекстан) өткен жекпе-жекте жерлесі Умиджон Назаровты (0-1) бірінші раундта нокаутқа түсіріп, сенімді жеңіске жеткен.