Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Қазақ королі» әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады

Сарапшы, спорт журналисі
19.12.2025, 16:48

Жекпе-жектің нақты уақыты мен орны белгілі. 

Sportnews.kz
Реклама
Реклама

Екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбек (20-0, 13 КО)О) IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына үміткер болу жолындағы жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады.

Бұған дейін Халықаралық бокс федерациясы (IBF) Сұлтан Зауырбек пен австралиялық Лиам Уилсон (17-3, 9 КО) арасында іріктеу жекпе-жегін өткізуді бекіткен болатын. Бұл кездесудің жеңімпазы қазіргі әлем чемпионы — мексикалық Эдуардо Нуньеске (29-1, 27 КО) қарсы титулдық айқасқа міндетті үміткер атанады.

Жекпе-жек қашан және қайда өтеді?

Сұлтан Зауырбектің айтуынша, шешуші іріктеу айқасы 2026 жылдың ақпан айында Австралияда өтеді.

«2026 жылдың ақпан айында IBF титулы бойынша финалдық жекпе-жекке Аустралия елінде жұдырықтасамын. Жеңген боксшы чемпиондық үшін қазіргі белдік иегері мексикалық Эдуардо Нуньеспен қолғап түйістіреді», — деді отандасымыз. 

Сұлтан Зауырбек соңғы рет 5 сәуірде Астанада рингке шықты. Ол бұл жекпе-жекте Оңтүстік Африка Республикасының боксшысы Азинга Фузилені (18-3, 12 КО) төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіп, IBF Inter-Continental белбеуін жеңіп алған болатын.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары