Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"Бәрі бітті": бокс сарапшысы Жәнібек Әлімханұлы жайлы жаман тұжырым жасады

Сарапшы, спорт журналисі
20.12.2025, 16:02

Бокстан танымал Broadway Joel YouTube-арнасының авторы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының болашағына күмәнмен қарайтынын айтты.

Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Getty Images
Реклама
Реклама

Бокс саласындағы сарапшының пікірінше, соңғы допингке қатысты дау қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының кәсіби мансабына елеулі соққы болып тиюі мүмкін. Автордың айтуынша, бұл жағдай спортшының беделіне ғана емес, оның болашақ мүмкіндіктеріне де кері әсер етуі ықтимал.

«Жәнібек бұрыннан аса танымал боксшылардың қатарында болған жоқ. Енді оның үстіне екі бірдей чемпиондық белбеуінен айырылу қаупі төніп тұр. Егер ол кезінде Эрисланди Лараны жеңгенде, жағдай мүлде басқаша өрбитін еді. Орта салмақта абсолютті әлем чемпионы атанып, Карлос Адамеспен, тіпті Теренс Кроуфордпен жекпе-жек өткізу мүмкіндігі туар еді. Ал қазір титулсыз, даулы жағдайдан кейін ол ешкімге қызық емес. Мұндай боксшының жекпе-жегіне кім ақша төлейді?» — дейді сарапшы.

Сарапшының сөзінше, допинг дауы Әлімханұлына тек спорттық тұрғыдан ғана емес, коммерциялық жағынан да ауыр соққы болып отыр. Бұл жағдай оның жекпе-жектеріне деген қызығушылықты төмендетіп, ірі кездесулерге жолын жабуы мүмкін.

Соған қарамастан, қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Ресми шешім шыққанға дейін Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы мәртебесін сақтап отыр.

Енді жанкүйерлер мен мамандар бұл даудың немен аяқталатынын және оның қазақстандық боксшының болашағына қалай ықпал ететінін алаңдаушылықпен күтуде.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары