Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақстандық боксшы титулдық айқаста қарсыласын тас-талқан етті

Сарапшы, спорт журналисі
20.12.2025, 21:22

Отандасымыз Брайан Кабрильоспен (7-1-1, 4 KO) жұдырықтасты.

Tumba.kz
Реклама
Реклама

Қазақстандық боксшы Қанат Сәңгіл (8-0, 4 KO) Алматыда өткен кәсіби бокс кешінде сенімді жеңіске жетіп, чемпиондық белбеу иеленді.

Алматыдағы бокс кешінде Сәңгіл филиппиндік Брайан Кабрильоспен (7-1-1, 4 KO) жұдырықтасты. Екінші жеңіл салмақта өткен жекпе-жек 10 раундқа жоспарланып, толық дистанцияға созылды.

Нәтижесінде төрешілердің бірауыздан шешімімен қазақстандық боксшының айқын жеңісі тіркелді.

Тоғызыншы жеңіс және WBA Asia белбеуі

Бұл жеңістен кейін Қанат Сәңгіл:

  • кәсіби мансабындағы тоғызыншы жеңісіне жетті;
  • әлі күнге дейін жеңіліс көрген жоқ;
  • WBA Asia чемпиондық белбеуін қанжығасына байлады.

Ал оның қарсыласы Брайан Кабрильос кәсіби рингтегі екінші жеңілісіне ұшырады.

Еске сала кетейік, Алматыдағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық Елшат Нығметолла (21-0-2, 8 KO) мен филиппиндік Алвин Камике (11-4, 6 KO) кездеседі.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары