Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Әлішер Абдулалим 90 секундта қарсыласын сұлатып салды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
20.12.2025, 21:53

Алматыдағы бокс кешінде Әлішер Абдулалим үндістандық былғары қолғап шеберімен кездескен болатын. 

Offside.kz
Реклама
Реклама

Қазақстандық боксшы Әлішер Абдулалим (6-0, 4 KO) Алматыда өткен кәсіби бокс кешінде керемет жеңіске жетті. 

Жеңіл салмақта өткен жекпе-жекте Абдулалим үндістандық боксшы Рогит Раджамен (4-2, 3 KO) кездескен. 10 раундқа жоспарланған айқас ұзаққа созылған жоқ.

Қазақстандық боксшыға қарсыласын нокаутқа жіберу үшін бар болғаны 90 секунд жеткілікті болды. Жекпе-жек бірінші раундта тоқтатылды.

Осылайша Әлішер Абдулалим кәсіби мансабындағы жетінші жеңісіне жетті. Соның арқасында жеңіліссіз сериясын сақтап қалды. Ал Рогит Раджа кәсіби рингтегі үшінші жеңілісіне ұшырады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары