Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Сұлтан Зауырбек британдық әлем чемпионына бокстасуды үйретті (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 18:18

Зауырбек пен Джошуа Ұлыбританиядағы жаттығу жиындары барысында бірнеше мәрте бір залда дайындық жасаған.

Sports24.kz
Реклама
Реклама

Қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбек әлем чемпионы Энтони Джошуаға бокстың әдіс-тәсілдерін үйретіп жатқан сәттері әлеуметтік желіде пайда болды. 

Зауырбек пен Джошуа Ұлыбританиядағы жаттығу жиындары барысында бірнеше рет бір залда дайындық жасаған.

Айта кетейік, 29 жастағы Сұлтан Зауырбек кәсіби мансабының барлығын британдық промоутерлермен бірге өткізіп келеді. Қазіргі таңда оның рекорды 20 жеңіс. Оның 13-і нокаутпен аяқталған. 

2026 жылы отандасымыз Австралияда іріктеу жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы — австралиялық Лиам Уилсон (17-3, 9 KO) болады. 

Бұл айқаста жеңіске жеткен боксшы:

  • IBF нұсқасы бойынша
  • мексикалық әлем чемпионы Эдуардо Нуньеспен (29-1, 27 KO) титулдық жекпе-жекке шығады.

Сұлтан Зауырбек соңғы рет 5 сәуірде Астанада рингке шықты. Ол бұл жекпе-жекте Оңтүстік Африка Республикасының боксшысы Азинга Фузилені (18-3, 12 КО) төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіп, IBF Inter-Continental белбеуін жеңіп алған болатын.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары