Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"Қазақ жауынгері" титул үшін таласа ма?

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 20:01

WBA Asia президенті Елшат Нығметолланың болашағына қатысты мәлімдеме жасады. 

Vesti.kz
Реклама
Реклама

WBA Asia ұйымының аймақтық президенті Вон Ким қазақстандық боксшы Елшат Нығметолланың болашағына қатысты пікір білдіріп, оның 2026 жылы әлемдік титул үшін жекпе-жекке шығуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы ол sportarena.kz хабарлады.

«Иә, менің ойымша, бұл келесі жылы болады. Мұндай турнирлер біз үшін өте маңызды, сондықтан оларды жиі өткізгіміз келеді. Елшатқа келсек, иә — ол 2026 жылы титул үшін жұдырықтасады. Бұл қазіргі чемпионның шешіміне де байланысты, себебі ол рейтингке қарап, “келесі үміткер — сенсің” деп айтуы мүмкін. Барлығын уақыт көрсетеді», — деді Вон Ким.

Кеше Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өткен кәсіпқой бокс кешінде отандасымыз филиппиндік Алвин Камикке қарсы шығып, жеңіл салмақтағы WBA Asia белбеуін сақтап қалды. Айқас тең нәтижемен аяқталды.

Қазіргі чемпион кім?

Қазіргі таңда:

  • WBA негізгі чемпиондық белбеуі — жапониялық Сэя Цуцумиге тиесілі;
  • WBA уақытша чемпионы — америкалық Антонио Варгас.

Айта кетейік, Елшат Нығметолла WBA Asia белбеуін өткен жылы қыркүйекте Алматыда жеңіп алды. 2025 жылы үш жекпе-жек өткізіп, бәрін жеңіспен аяқтады. Қазіргі кәсіби рекорды — 21 жеңіс, 0 жеңіліс, 2 тең.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары