Майамиде өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінен кейін америкалық блогер-боксшы Джейк Полдың денсаулығына қатысты жаңалық тарады. Спортшының екі жақ сүйегінен қосарлы сынық алып, кейін операция жасатқан.
Джейк Пол Майами университеттік ауруханасында отадан өткені айтылды. Ол әлеуметтік желіде операциядан кейін есін жиып, жағдайын айтқан.
«Қазір ғана операциядан кейін ояндым. Барлығы жақсы өтті. Қолдау көрсетіп, жылы сөз жазғандарыңызға рахмет. Қатты ауырып тұр әрі жақ қарысып қалған. Жеті күн бойы тек сұйық тағам ішуге тура келеді. Майами университеттік ауруханасының керемет командасына ерекше алғыс — бәрі өте мұқият, мейірімді және қамқор болды», — деп жазды америкалық спортшы.

Айта кетейік, Пол жазбасына операциядан кейінгі рентген суретін де қоса жариялаған.
Майамиде өткен кештің басты айқасы 6-раундта тоқтаған. Бұрынғы ауыр салмақтағы әлем чемпионы Энтони Джошуа оң қолымен жойқын соққы жасап, қарсыласын нокаутқа түсірген. Нәтижесінде Джейк Пол медициналық көмекке жүгініп, кейін операцияға жатқызылды.
Жекпе-жекке дейін 28 жастағы Джейк Пол кәсіпқой рингте 13 кездесу өткізіп үлгерген: