Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Сәкен Бибосыновтың әлем чемпионатындағы «алтыны» дауға қалды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 17:05

Дубайда IBA (Халықаралық бокс қауымдастығы) ұйымдастырған әлем чемпионатында Сәкен Бибосыновтың финалдық айқасы талқыға түсті. Ағылшын сарапшысы Мэтт Робинсон төрешілер шешіміне қатысты пікір білдірген.

instagram/@vgr_team
Реклама
Реклама

Робинсон не деді?

Сарапшы қазақстандық бокс мектебін жоғары бағалайтынын, әрі Бибосыновты көп жылдан бері сүйікті боксшыларының бірі санайтынын атап өткен. Алайда финалдағы шешім әділетсіз көрінген.

Робинсонның пікірінше, бірінші раундта Вячеслав Рогозин айқын басым болған, тіпті қаласа, ол раундты 10–8 ретінде бағалауға да болар еді. Сонымен қатар сарапшы ресейлік боксшы үшінші раундта да басым түскен болуы мүмкін деп есептейді. Тіпті Бибосыновқа қолайлы өткен раундтың өзінде Рогозин қаттырақ әрі нәтижелі соққылар жұмсаған.

«Жекпе-жек керемет өтті, бұл турнирдегі ең үздік финалдардың бірі болды. Бірақ төрешілік біртүрлі әсер қалдырды… Мұндай нәтижені көру өкінішті», — деп жазды Робинсон Instagram парақшасында.

Финалдың ресми нәтижесі

Еске салайық, ӘЧ-2025 финалында Сәкен Бибосынов ресейлік Вячеслав Рогозинді төрешілердің бөлінген шешімімен (5:2) жеңіп, алтын медаль иеленді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары