Реклама
Реклама

Жәнібектің карьерасы қыл үстінде ме? «В» сынамасының нәтижесі чемпионның тағдырын шешуі ықтимал

Сарапшы, спорт журналисі
22.12.2025, 18:26

IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг дауы қайта күн тәртібіне шықты. Боксшының менеджері Берік Сұлтан «В» сынамасының ашылуына қатысты маңызды ақпарат жариялады. 

Instagram/@beriksultan

«В» сынамасының ашылуына команда өкілі қатысады

Менеджердің айтуынша, 8 қаңтар күні команда атынан арнайы өкіл зертханаға барып, барлық процедураның ережеге сай орындалуын бақыламақ.

Берік Сұлтан Instagram желісінде:

«8 қаңтарда екінші сынаманы ашуға біздің командадан өкіл барады. Ол зертханаға кіріп, бәрі заңды түрде, дұрыс әрі талапқа сай өтіп жатқанын қадағалайды, Алланың қалауымен», — деп жазды.

Ларамен жекпе-жек неге өтпей қалды?

Еске салсақ, желтоқсан айының басында Жәнібек Әлімханұлы WBA чемпионы, кубалық Эрисланди Лараға қарсы белбеу біріктіру жекпе-жегін өткізуі тиіс болған. Алайда допинг-тест қорытындысы бойынша спортшының қанынан мельдоний анықталып, жоспарланған кездесу тоқтатылды.

Осыдан кейін Әлімханұлының командасы «В» сынамасын ашуды талап еткен. Енді дәл осы екінші сынаманың нәтижесі қазақстандық чемпионның алдағы мансабы мен жоспарына тікелей ықпал етуі ықтимал.

Реклама
Реклама