Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Ұсыныс болса, Лукасқа да, Мұздыманға да қарсы шығамын» — Назым Қызайбай профиге өту туралы айтты

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 18:20

Бокстан үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай кәсіби рингке ауысу мәселесіне қатысты пікір білдірді. Сондай-ақ ол отандық профи-боксшылар Ангелина Лукас пен Балауса Мұздыманға қарсы жекпе-жек өткізу ықтималдығын да жоққа шығармады.

Instagram/@nazym_kyzaibay09
Реклама
Реклама

«Профиде бақ сынап көргім келеді, бірақ әзірге ұсыныс жоқ»

Спортшының сөзінше, профи бокста «ас үйі» бөлек: дайындық, жүйе, талап та өзгеше. Дегенмен егер мүмкіндік туса, жаңа бағытта өзін сынап көруге дайын екенін жасырмады. Сондай-ақ бүгінде бірқатар әуесқой спортшы кәсіби рингте де жұдырықтасып, ұлттық құрамадағы өнеріне бұл кедергі келтірмейтінін атап өтті.

Назым кәсіби боксты назардан тыс қалдырмайтынын, таныс боксшылар да бар екенін айтты. Ол Қазақстандағы әйелдер кәсіпқой боксының өкілдері ретінде бірнеше спортшының есімін атады. Соның ішінде Фируза Шәріпованың Кэти Тейлормен кездесуі ел тарихындағы ең айтулы әйелдер профи жекпе-жектерінің бірі болғанын жеткізді.

Бұдан бөлек, Қызайбай Ангелина Лукас, Балауса Мұздыман, сондай-ақ басқа да қазақстандық боксшылардың жекпе-жектерін көріп, қолдау білдіріп отыратынын айтты.

Лукас пен Мұздыманға қарсы айқас мүмкін бе?

Tengri Sport тілшісі Назымнан көпшіліктің назарындағы екі есім — Ангелина Лукас пен Балауса Мұздыманға қарсы жекпе-жек өткізуге көзқарасын сұраған. Қызайбай мұндай сценарийдің жұртқа қызық болуы мүмкін екенін айтып, спортта «әркімнің мүмкіндігі бар» деген ойды алға тартты.

коллаж: TengriSport

Оның сөзінше, өзара кездесуі де көрермен үшін қызық болар еді. Ал өзімен айқас мәселесіне келсек, ұйымдастырушылар тарапынан нақты ұсыныс түссе, ол екеуінің қайсысымен болса да рингке шығуға дайын.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары