Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Шавкат Рахмоновтың бапкері шәкіртінің келесі қарсыласы туралы айтты

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 08:08

Бұған дейін Хоакин Бакли бірнеше рет Шавкатты жекпе-жекке шақырған еді. 

Meta-ratings.kz
Реклама
Реклама

DAR Team командасының бас бапкері Эдуард Базров қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегіне қатысты жағдай жайлы айтты. 

Базровтың айтуынша, қазіргі таңда Рахмоновтың келесі қарсыласына қатысты нақты ақпарат жоқ.

«Шавкаттың қарсыласы жөнінде әзірге ешқандай жаңалық жоқ. Егер инсайд немесе нақты есімдер болса, міндетті түрде айтар едім. Қазір бәрі тыныш. Тек Хоакин Бакли бірнеше рет Шавкатты жекпе-жекке шақырып жүр. Қалғаны бойынша бізде де ақпарат жоқ», — деді бапкер.

Эдуард Базров Хоакин Баклимен ықтимал жекпе-жекке арналған жоспармен де бөлісті. Оның айтуынша, америкалық файтермен тікелей соққы алмасу қауіпті.

«Біз оның Камару Усманмен болған жекпе-жегін көрдік, қорғаныста олқылықтар бар. Онымен тұрып айқасуға болмайды — соққысы өте ауыр. Сондықтан дистанцияны сақтап, аяқпен жұмыс істеп, күрес пен грэпплингті қолдану керек», — деді ол.

«Баклидің нокауттық қуаты жоғары, бірақ күресте және партерде мүмкіндіктер бар. Егер бұл жекпе-жек өтсе, негізгі жоспар — күрес пен грэпплинг арқылы басымдыққа жету», — деп нақтылады Базров.

Сонымен қатар, бапкер Шавкаттың тұрып айқаста да әлеуеті жоғары екенін атап өтті.

«Шавкаттың антропометриясы жақсы: қол-аяқтарының ұзындығы, қозғалысы бар. Біз тек күреске ғана сенбейміз. Тұрып та жұмыс істейміз, бірақ Баклиге ыңғайлы дистанцияға кірмейміз», — деді бапкер. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары